Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың сыйы": Жақында ажырасқан Әсел Асқар аяғы ауыр екенін хабарлады (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Осыдан бір ай бұрын қалың көпшілікке жолдасымен ажырасқанын хабарлаған Әсел Асқар енді қуанышты жаңалығымен бөлісті. Отандық актриса екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар алдағы уақытта екінші мәрте ана атанбақ. Өнер иесі бұл қуанышын өзге жұлдыздар секілді ұзақ уақыт бойы жасырмай, бірден жанкүйерлеріне хабарлауды жөн көрген.

Актриса Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, өзінің бақытты сәтімен бөліскен.

"Алланың берген сыйы. Өз қуанышыммен сіздермен бөліскім келіп тұр. Бұл жайында өзім жақында ғана білдім. Жүктіліктің түрлі белгілері болды. Бірақ, мен сенбедім. Егер естеріңізде болса, мен жақында коронавируспен ауырып шықтым. Бұл вирустың зардаптарын біле тұра, мен иммунитетім нашарлап, шашым түсіп, әлсіздік секілді жағдайлар орын алады деп күттім. Алайда, бәрі керісінше болды. Шашым қалыңдап, бет терісі жақсара түсті. Төсім үлкейіп, етеккірім келмей қойды. Шошып кеттім. Алайда, мен бұл жайтты стресс алғанан кейін болып жатыр деп ойладым.
Менімен жұмыс істейтін визажистер де өзгерісті байқап, менен қандай күтім жасап жүргенімді сұрай бастады. Бұл кезде мен дереу барып тест жасау керек екенін түсіндім. Көптеген тест сатып алдым. Ең арзанынан ең қымбатына дейін барлығын сатып алдым. Ал кеше УЗИ-ге баруға шештім. Ол жүктілікті растады. Әрине, бұл сәтті мен мүлде басқалай елестеткен болатынмын. Бірақ, бұл үшін де жаратушыға алғыс айтамын. Демек, мен бұл бақытқа лайықпын. Бұл күнді армандап жүрген әрбір қызға осы бақытты тілеймін", - деп жазды Әсель Асқар.

⠀ ⠀ ⠀⠀

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916293-allanyn-syiy-zaqynda-azyrasqan-asel-asqar-ayagy-auyr-ekenin-xabarlady-video/

pixel