RU

"Ел білетін еді": Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың ажырасуына қатысты шындықты айтты

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарьекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әьдікәрімованың ажырасып кеткені туралы қауесеттерге жауап берді. Жұлдызды әулеттің мүшесі ел арасында тарап кеткен ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова көптің көкейінде жүрген сауалға "Опмай-опмай" бағдарламасында жауап берді. Ол ұлы мен келінінің ажырасқанын жоққа шығарды.

"Барлық журналистердің қоятын сұрағы ғой. Соңғы кезде өзім жайлы емес, біреудің жеке өмірі туралы сұрай беретін болған. Не сұрайын деп тұрғаныңызды біліп тұрмын. "Ажырасып кетті ме?" деп сұрағыңыз келіп тұр ғой. Бірақ, ажырасқан жоқ. Ажырасып кетсе елдің бәрі білетін еді ғой. Ол жатпайды еш нәрсе. Бірақ, олар бірге", - деп қысқа қайырды Айдарбекова

Сонымен қатар, белгілі продюсер келіндерімен арақатынасы туралы бар шындықты айтты. Айдарбекова оларды мүлдем қинамағанын жеткізді. Ол керісінше, жас отбасыға барынша көмектесуге дайын екенін алға тартты.

"Келіндерім менің көргенімді көрмесе екен деп армандайтын енемін. Ешқашан сыпыртқы ұстаттым, жұмысқа салып қойдым деп айта алмаймын. Әрқашанда көмекшілері бар. Келін болып түскен уақыттан бастап, бала қараумен, үй шаруасына көмектесетін адамдары бар. Арасында шай демдеп, жақсы көретін тағамдарын дайындап бергені болмаса келіндерге қиындық жасаған емеспін. Бәрін туралап, не жетпейді соны түгендеп, барынша көмектесіп шапқылап жүремін. Келінмен ұзақ тұрып көрмегенмін. Сол себепті сағанышпен жолығып, сағынышпен қайтып кетіп жүрген енемін негізі", - деді ол.

Айта кетейік, "Опмай-опмай" бағдарламасынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916381-el-biletin-edi-aidarbekova-qairat-pen-zuldyzdyn-azyrasuyna-qatysty-syndyqty-aitty/