RU

Жолдасымен сүйіскен Айсәуле Бақытбек желіде қызу талқыға қалды (фото)

Айсәуле Бақытбек жолдасымен сүйісіп тұр
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Айсәуле Бақытбек жолдасымен сүйісіп тұрған суретін жариялап, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушылары жас блогердің жолдасының қолында темекі ұстап тұрғанын байқап, продюсердің қызын сұрақтың астына алды. Жас жұбайларға қатысты көпшіліктің пікірі екі түрлі болды. Бірі олардың махаббатына тәнті болса, енді бірі сынап жатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек махаббатқа толы фотосын Instagram парақшасында бөліскен.

Аталмыш жазба Айсәуленің оқырмандары арасында бірден қызу талқыланды. Блогер арудың жанкүйерлері ерлі-зайыптыларға тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді.

"Керемет жұп, қатты қызығамын", "Қуыршақ. Екеуің бір-біріңе жақсы келісесіңдер", "Өте жарасымды жұп", "Жарайсың, анғыз ер адамды таңдапсың", "бақытты болыңдар", "Керемет фото, бір-біріне деген махаббаты көрініп тұр", - деп жазуда желідегілер.

Алайда, ерлі-зайыптыларды бұл әрекеті үшін сынға алғандар да болды.

"Темекі шегетін адамды қалай сүюге болады", "Жолдасыңызда бәрі дұрыс па өзі", "Масқара", "Темекі шегіп тұрып сүйіп жатыр. Демек сізді жақсы көрмейді", "Сізді сыйламайтын сияқты. Жақсы көретін азамат бұлай істемес еді", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916590-zoldasymen-suiisken-aisaule-baqytbek-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-foto/