Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оңай болған жоқ": "Маска" шоуының продюсері Гүлнұр Мамасарипова жоба туралы айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Instagram/gulnur_mamasaripova

Қазақстандық "Маска" шоуының продюсері Гүлнұр Мамасарипова байқауды "Хабар" арнасында ұйымдастыру жайында бар шындықты айтты. Оның сөзінше, жұмыс барысы оңай болған жоқ. Жобаның лицензиясын алудың өзіне жарты жыл кеткенімен, жұмыс тобы өз ісін жоғары деңгейде атқарып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық "Маска" шоуының бірінші маусысы өз мәресіне жетті. Осыдан бірер күн бұрын ғана еліміздегі музыкалық байқаудың жеңімпазы анықталды. Ол арқар кейпінде өнер көрсеткен Ерден Жақсыбеков болды. Ал екінші орынды аққу болып ән салған Айри есімді әнші еншілесе, үшінші орын әзілкеш Нұрболхан Шараповқа бұйырған.

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова аталмыш жоба аясында өзімен қызметтес болған әрбір әріптесіне алғысын білдіріп, көрермендерге шоудың қалай бастау алғанын айтып берді.

"Маска". Осы шоуды Қазақстанға алып келу мен үшін оңай болған жоқ. Жарты жыл жүріп лицензиясын алғанда балаша айғайлап қуанғаным есімде. Одан кейінгі қыруар шаруа. Декорация, свет, костюмдер, репертуар, қатысушыларды таңдау, брендбук жасап шығу. Әр қадамымызды бекіту, әлемдік деңгейге сай болу. Қазір ойласам. Ағылшын тілін білмейтініме 24/7 режимінде өкіну. Бірақ бәрін еңсердік. Шамамыз бен ақшамыз жеткенше аянбадық. Бір тиынына дейін осы жобаға жұмсадық.
Көрермен көрді. Рейтинг болды, ғайыптан хайп та туды, елеусіз қалмады. Бірінші маусым аяқталды. Мен осы жобаны жасаған командаға, жүргізушіге, төрешілерге, қатысушыларға, бәріне-бәріне рақметімді айтамын. Басымды иемін. Барды жоқ деп айта алмаймын. Біз сіздерге ерекше дүние ұсындық, сіздер назар аудардыңыздар. Егер осы шоуда біз қатысушылардың шығармашылығына титтей де болса үлес қосқан болсақ, ұтқанымыз. Екінші маусым бола ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді. Өнерден әркімнің-ақ бар таласы! Мен отандық телевизия үшін еңбектене беремін. Бәріңізге алғысым шексіз", - деп жазды продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916594-onai-bolgan-zoq-maska-souynyn-prodyuseri-gulnur-mamasaripova-zoba-turaly-aitty/

pixel