Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенген жоқ": Әсел Асқар өз жүктілігіне қатысты бұрынғы жолдасы не ойлайтынын айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар жолдасымен
Фото: Instagram/assel.askar

Жақында ғана екінші күйеуімен айырылысып, өзінің жүкті екенін білген Әсел Асқар бұл жаңалыққа қатысты бұрынғы жолдасы қандай әсерде болғанын айтты. Желі жұлдызының сөзінше, ол әке болатынына сенбеген деп жазады КAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар желіде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Желідегілердің басым көпшілігі оның жүктілігіне қатысты жаңалықты естігенде жолдасы қандай әсерде болғанын білгісі келген. Әсел бұл жағдайға қатысты бар шындықты ақтарды.

"Сенбей қойды. Ер адамдар үшін бәрі оп-оңай. Өз көзімен көрмесе сенбейді. Кейін бұл жаңалықты өзінен өткізіп, түсініп, қабылдап, қуанды. Болды. Енді сценарий бойынша түсік болу керек деп ойлайды. Бәрі ресейлік сериалдардағыдай. Ол туралы айтпайықшы, өтінемін. Сіздерден сұрадым ғой", - деп жазды Әсел Асқар.
Әсел Асқардың Stories-і
Фото: Instagram/assel.askar

Сонымен қатар, Әсел Асқар жалғыздықпен қалай күрескені туралы да айтып берді. Желідегілер оның жолдасымен бір күнге айырылысуының өзі қиын болғанын есіне салды.

"Бастапқыда қорқынышты болды. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Кейін оның жоқ екенін байқамай кеттім. Оған сабағымның, жұмысымның көптігі әсер етті ғой деймін. Мен ешқашан жалғыз болмаймын. Қасымда үнемі адамдар болады. Әрқашан бір іспен қолым босамай жүреді. Сол үшін жалғыздың деген өмірімде сирек болатын дүние", - деді Әсел Асқар.

Сондай-ақ, ол болашақ перзентінің жынысы жайлы пікір білдірді. Желі жұлдызы үшін бұл мәселе маңызды емес екен. Ол кім дүниеге келсе де дені сау болғанын қалайды.

Әсел Асқардың Stories-і
Фото: Instagram/assel.askar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916644-sengen-zoq-asel-asqar-oz-zuktiligine-qatysty-buryngy-zoldasy-ne-oilaitynyn-aitty/

pixel