Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасованың блогер інісі келін түсірді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова отбасымен және жас жұбайлармен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасованың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесінің блогер інісі Біржан Әшім үйіне келін түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова туыстары ұйымдатырған беташар тойдың қалай өткенін Instagram желісінде көрсетті. Әнші өз парақшасында мерекелік шара кезінде түсірілген фото және видеолармен бөліскен.

Белгілі болғандай, Сәдуақасова Қазақстанға аса танымал блогер Біржан Әшіммен әкесі жағынан туысады. Instagram жұлдызының анасы Мадинаның әкесіне қарындасы болып келеді екен.

Айта кетейік, Біржан Әшімнің таңдауы Диана есімді аруға түскен. Бойжеткен Тараз қаласының тумасы.

"Әулетімізде қуаныш ! Сапарғали аға пен Муслима тәтеміздің (әкемнің қарындасы) кіші ұлы, ініміз Біржан үйге Тараз шаhaрдың сүп- сүйкімді Диана есімді сұлуын әкелді! Тек Әшімовтар мен Садуақасовтар болып кішігірім беташар өткіздік! Ал, жаңа түскен келініміз құтты болсын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Сәдуақасованың отандық блогермен туыс екеніне қатты таңғалып, жас жұбайларды құттықтауға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916664-madina-saduaqasovanyn-bloger-inisi-kelin-tusirdi-foto-video/