RU

"Ninety One" әншісінің шаңырақ көтергені рас па: Желіде некелесу сәтінен фото тарады

Батырхан Мәліков сүйіктісімен
Фото: Instagram/zaraxci

Желіде атышулы "Ninety One" тобының мүшесі Батырхан Мәліковтың некелесу рәсімінен суреттер тарап кетті. Желідегілердің болжамынша, "Alem" лақап атымен танымал әнші бойдақтықпен қош айтысып, отбасын құрған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Батырхан Мәліковтың сүйіктісімен түскен фотолары Instagram желісіндегі zaraxci парақшасында пайда болды.

Суреттерде қос ғашықтың мешітте қол ұстасып тұрғандарын көруге болады. Оған қоса, "Alem"-нің сүйіктісінің орамалдағы бірнеше фотосы да бар.

Өздерін "Eagles" деп атайтын топтың жанкүйерлері мембердің үйленгеніне еш күмәнданбайды. Олар тіпті бұл жаңалыққа аса қатты таңғала қоймағандарын айтуда. Тыңдармандар ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген жастардың түбі отбасын құратынына сенгендерін алға тартты.

"Бақытты болсын. Ұзақ кездесті ғой. Бұл күннің келерін білдім", "Мәңгі бойдақ болып жүре бермейді ғой. Бақытты болсын. Батырхан шын жақсы көреді оны", "Екеуі жақсы жарасады. Бұл арақатынас тоймен аяқталатынына сенгенмін", "Әлем саған мәңгі махаббат тілейміз", "Бақытты бол", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Батырхан Мәліковтың таңдауы Вероника есімді аруға түскен. Бойжеткен кезінде "Ninety One" тобының менеджері қызметін атқарған. Алайда, қос ғашық үйленгендерін әзірге еш жерде растаған жоқ. Олар парақшаларына некелесудегі суреттерін де жарияламаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916778-ninety-one-ansisinin-uilenip-algany-ras-pa-zelide-nekelesuden-foto-tarady/