RU

Тұрмысқа шыққан Жәния Джуринская 114 адамға той жасамақ

Жәния Джуринская сүйіктісімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Сүйіктісі Данияр Хизметовке тұрмысқа шыққан Жәния Джуринская алдағы уақытта үйлену тойын жасауға ниетті екенін айтты. Жақында ғана жан құрбысы Сая Оразғалиеваның қуанышында болған өнер иесі өзі де үлкен той жасағысы келіп қалғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская өз қалауы жайлы Instagram парақшасында айтты.

"Біз үйлену тойымызды жасайтын болдық. Сенесіздер ме? Біз ұзақ жүріп ойланып, жасау керек деген шешімге келдік. Жақында біз достарымыздың тойында болып, өзімізге де жасау керектігін түсіндік. Тізім құрдық. 114 адам шықты. Енді бұл тізімді мүлдем қысқарта алмай жатырмыз. Менің жан достарымның өзі 50 адамды құрап отыр", - деді Жәния.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1916824-turmysqa-syqqan-zaniya-dzurinskaya-114-adamga-toi-zasamaq/