RU

Нұрсұлтан Нұрбердиев: Ата-анаммен өмір бойы бірге тұрамын

Нұрсұлтан Нұрбердиев жарымен
Видеодан кадр: Instagram/nursultannurberdiev

Жақында ғана отбасын құрған Нұрсұлтан Нұрбердиев ата-анасынан бөлек шықпайтынын кесіп айтты. Өнер иесі өзін бағып-қаққан жандармен өмір бойына бірге тұруға ниетті екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Нұрбердиев үйдің жалғыз баласы болғандықтан, ата-анасынан ешқашан кетпейтінін алға тартты. Әнші оларды тастап, әйелімен бөлек шыға алмайтынын айтты. Отбасылық өмірі туралы жан сырын ол "Опмай-опмай" бағдарламасында ақтарды.

"Мен үйдің жалғыз ұлымын. Жалғыз ұлы болмасам да, ата-анаммен бірге тұрар едім. Әйелім екеуміз бөлек шықпаймыз. Ата-енемен тұрады. Өмір бойы бағып-қаққан ата-анаңды тастап, бөлек кетіп қалсаң, қалай болады? Ол дұрыс емес. Қазір ажырасу көп. Ененің сөзін көтере алмайтын келіндер көп. Енелер жақсы болсын деп айтады.  Оны келіндер түсінбейді. Солай бөлек шығады не ажырасып тынады. Одан қалса ажырасқандары туралы кітап жазады. Біреудің күйеуден ажырасқаны, жеке өмірі ешкімге қызық емес қой. Ол туралы кітап жазудың керегі жоқ деп ойлаймын" , – деді әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917157-nursultan-nurberdiev-ata-anammen-omir-boiy-birge-turamyn/