"Әдептіліктен жұрдай": Ләйлә Сұлтанқызы қыздар қауымына сын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жас қыздардың сөйлеу мәдениетіне қатысты мәселені көтерді. Ақпарат өкілі бүгінде арулардың бейәдеп сөздерді жиі қолданатын болғанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, бейәдеп сөздерді айтып жүрген бойжеткендерге қатысты бар ойын ақтарды. Тележүргізуші көрікті арулардың мұндай әрекеті өте жиіркенішті болып көренетінін кесіп айтты.
"Екі сөзінің бірі боғауыз адамдарды сіз де көріп жүрсіз ғой, Американы ашқандай болмайын. Ондайларға көзің де, құлағың да, өзің де үйренеді екен. “Связка слов” қой деп ақталады тағы. Осы жасқа келгенше талай адамды көрдім әдептіліктен жұрдай. Бәрін қойшы, бірақ мен үшін дәл қазір жап-жас қыз балалардың (12+) боқтап сөйлегені қатты жиіркенішті. Дым жараспайды, ұялып кетесің.
Қыздар, айғайлап сөйлеу, бас жоқ, аяқ жоқ әңгімеге киліге кету, кішірейе салудың орнына сен деп сенсіреу, шекарадан аттап, адамның жеке өміріне араласу, адамды орнына қоям деп намысына тиетін сөздер айту нағыз дөрекілік. Тәрбиесіздік, оның үстінен бұл қазір модада емес. Боқтап сөйлегеннен сыйлы болып кетем деп ойласаң, өте қателесесің", - деп жазды Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917494-adeptilikten-zurdai-laila-sultanqyzy-bogauyz-sozderdi-qoldanatyn-qyzdardy-synap-tastady/