Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі кеш болды": Көзі көгеріп, аузы тілінген суретін желіге салған танымал актриса елді алаңдатып қойды

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/gulsharat

Танымал актриса, биші Гүлшарат Жұбаева желіге беті көгерген суретін салып, көпті алаңдатып қойды. Актрисаның оқырмандары оның бетіндегі жарақаттарды көріп, өміріне алаңдаушылық білдірген. Алайда, өнер иесі осы суреті арқылы көпшілікке ой салғысы келген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлшарат Жұбаева көзі көгеріп, аузы жырылған суретін өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Айтуынша, осы суретімен соңғы кездері тұрмыстық зорлық-зомбылық кесірінен өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге ой салуды көздеген екен.

"Соңғы кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдері көп көріп, естіп жүрміз. Тіпті, кейбірі ажал құшып, балалары жетім қалса да, селк етпейтін жағдайға жеткендейміз. Мұндай әйелдер арамызда өте көп. Олар көмек сұраса "Ер мен әйел арасына есі кеткен түседі" деп араласқымыз келмейді.

Заң жүзінде де бұл жағынан ақсап тұр. Өкінішке қарай мұндай жағдай жақын араласып жүрген таныстарымның да басынан өткен еді. Кейін дер кезінде дабыл қақпағанымызға өкініп қалдық. Бірақ бәрі кеш еді. Құрметті бойжеткен өміріңдегі сенің таңдауың, сенің болашағың екенін ұмытпағайсың.

Тұрмыс құрудың жөні осы екен деп, өзіңді сыйламайтын, сүймейтін адаммен бас қосудан аулақ болғайсың. Алла саған жар болсын жарқыным!", - деп жазды Гүлшарат Жұбаева.

Сондай-ақ, актриса суреттің жеке өміріне еш қатысы жоқ екенін, кезекті кинотуындыға түсу барысында жасалған кадр екенін атап өтті.

Десе де, желі қолданушылары фотоны көріп алаңдағанын жасырмады.

Олардың бірі "Қорқып кеттім ғой", "Біреу ұрып кетті ма деп шошыдым", "Аман жүріңіз", "Қатты шошыттыңыз" десе, енді бірі актрисаның өзекті мәселені көтергенін айтып, пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917531-bari-kes-boldy-kozi-kogerip-auzy-tilingen-suretin-zelige-salgan-tanymal-aktrisa-eldi-alandatyp-qoidy/

pixel