Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: Достық ешқандай ақшамен, алтынмен бағаланбайды

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай достық тақырыбын қозғап, оған қатысты өз ойын ашып айтты. Ақпарат өкілінің сөзінше, нағыз достық ешқашан сатылмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай аса әсерлі жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Белгілі журналист барша оқырмандарына шынайы достық туралы сыр шерткен. Оның айтуынша, бәрі қолжетімді бұл өмірде достықты сатып алу мүмкін емес.

"Адам баласы біреу үшін өмір сүрмеймін дегенімен бәрібір айналасындағылардың көзқарасы мен пікірімен санасады. Адам өзгелерге өзін дәлелдеу үшін,көрсету үшін көп нәрсені қолдан жасап алуы мүмкін, сатып алуы мүмкін, жалға алуы мүмкін, сұрап алуы мүмкін. Ал, достықты ешкім сатып ала алмайды. Нағыз достық сатылмайды. Достық ешқандай ақшамен, алтынмен бағаланбайды. Дос, достық сөреде сатылатын тауар болса, дүние болса оны бәрі сатып ала салушы еді. Достық баға жетпейтін байлық. Дос пен достық Алланың адам баласына берген үлкен сыйы. Бұл барлық адамға беріле бермейтін сый. Достық та басқа қонатын бақ сияқты. Қадірлемесең, бағаламасаң ұшып кетеді.
Көп адам достыққа бір дүние сияқты есеппен қарайды. Қалаған уақытымда табамын, қалаған уақытымда қатынасты үзе саламын деп ойлайды. Бірақ қатты қателеседі. Достық, дос дүние емес. Дүние пайдалану үшін, дос қадірлеу, сыйласу үшін.Алайда қазір көбі доспен дүние үшін, қызмет, мансап, атақ үшін сыйласады. Досты пайдаланады, дүниені қадірлейді. Адамға дүние ешқашан дос болған емес, болмайды да. Адамға дос қана дос бола алады! Достың да ішінде досы бар. Басыңда күн тұрғанда да, бұлт шалған уақытта да әркез жаныңнан табылып, өзі болмаса да сөзімен қолдайтын, жаманыңды жасырып, жақсыңды асыратын, сеніміңе селкеу түсірмеген, өмірдің ыстығы мен суығына бірге төзе білетін иманды адам ғана нағыз дос.Дос, доссыз өмір бос деп бекер айтылмаған. Достарымыз бен достықты бағалайық", - деп ағынан жарылды Асхат Садырбай.

Желі қолданушылары журналистің сөздеріне қосылып, достық жайлы өз ойларымен де бөлісе кетті. Ал кейбір оқырмандар оның жазбасы кімге арналғанын біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алған.

Асхат Садырбайдың жазбасы
Скриншот: Instagram/askhat_sadyrbay

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917534-asxat-sadyrbai-dostyq-esqandai-aqsamen-altynmen-bagalanbaidy/

pixel