Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыран Талапбек: Өмірде шындық пен жалған қатар жүреді

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Фото: Instagram/kyran_talapbek

Отандық танымал видеоблогер Қыран Талапбек желіде әсерлі жазбамен бөлісті. Ол өмір жайлы өз ой-толғауын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыран Талапбек аталмыш жазбаны Instagram парақшасында жариялап қойды.

"Өмірде ақ пен қара, бақ пен жала, шындық пен жалған қатар жүреді екен. Жас кезінде адамның шашы қара түсті болса, есейе келе ақ шаш басым болады. Мұның өзі түбінде ақтың, ақиқаттың жеңетінін көрсетіп тұр", - деп жазды видеоблогер.

Желі қолданушылары бұл сөздерден кейін оны сұрақтың астына алған. Сауалдардың басым көпшілігі оның отбасына қатысты болып шықты.

"Қыранның өмірінде бәрі жақсы көрінеді. Бірақ, ұлын тастап кеткені дұрыс болмаған. Ол бұзылған психологиямен өседі ғой", "Қыран отбасың қайда? Неге қайтарып алмайсың?", "Балаңызға барып тұрасыз ба", "Дұрыс айтылған сөздер", "Бәрібір көңілі аса жоқ секілді. Отбасылық жағдайға байланысты болар", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, өткен жылы үйленген Қыран Талапбек пен Айжұлдыз Адайбекованың жолы екіге айырылды. Жақында қос жұлдыздың ортақ баласы дүниеге келді. Жалғызбасты ана оған Назар деген есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917927-qyran-talapbek-omirde-syndyq-pen-zalgan-qatar-zuredi/

pixel