Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Сабуровты Степногорск қаласының әкімі қызметіне ұсынды

Опубликовано:

Нұрлан Сабуров
Фото: LABELCOM YouTube арнасы

Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғындары танымал комик Нұрлан Сабуровты шаһар басшысы лауазымына ұсынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басылымның мәліметінше, танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтың кандидатурасын Степнагорск әкімі қызметіне қала белсенділері ұсынған.

"Жеңіп шығатыныңызға сеніміміз мол. Сіз осы қаладан түлеп ұштыңыз. Қала тұрғындары Сізді жақсы көреді, Сіз де қаланы жақсы көресіз деп сенеміз", - дейді белсенді Айтшөкен Қожахметқызы.

Олардың айтуынша, Степногорск қаласында экология, құрылысы аяқсыз қалған көпқабатты үйлер сынды қордаланған мәселе өте көп.

"Қалаға тың көзқарастағы жаңа басшы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, креативті индустрияға инвестиция тарту керек", - дейді қала белсенділері.

Дереккөз:

Айта кетейік, бұған дейін Степнагорск тұрғындары өндірістік қалдықтарды тастайтын кәсіпорын салуға қарсы пікір білдірді. Айтуынша, шенеуніктерге деген сенімін жоғалтқан тұрғындар жерлестеріне жағдайға ықпал ете алады деген үмітпен жүгінген болатын.

Кейінірек, Степногорск әкімдігі кәсіпорын кешенінің жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өткенін хабарлады. Бірақ анықталған бұзушылықтарға байланысты және халықтың пікірін ескере отырып, оны жүзеге асырудан бас тартылды.

Нұрлан Сабуров та қалалықтардың үндеуіне пікір білдіріп, олардың талабын қолдаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917945-nurlan-saburovty-stepnogorsk-qalasynyn-akimi-qyzmetine-usyndy/

pixel