RU

"Қиналғанда қасымнан табылған": Жанар Айжанова өзінің жан достарын көрсетті (фото)

Жанар Айжанова достарымен
Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанова өмір жолында әркез қасынан табылып, қолынан келер көмегін аямаған жан достарын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Айжанова жанына жақын адамдарымен бірге түскен фотосын Instagram желісінде жариялаған.

Әнші аталған суреттің анықтамасына достарына арнап жазба қалдырған. Оның сөзінше, бұл жандармен араласып келе жатқанына отыздан астам жыл өткен.

"Отыз жылдан астам бір нанды бөліп жеп келе жатқан, байлыққа мастанбаған, қиналған кезде жанымда болған менің асыл достарым. Мен сендермен мақтанамын", - деп жазған өнер иесі.

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының достарына деген ерекше махаббаты мен құрметіне аса тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген.

"Сіз өзіңіз жақсы адамсыз. Сол себепті қасыңызда тек жақсы адамдар жүреді", "Достыққа деген көңіліңіз ерекше екен. Жарайсыз, достарды дұрыс бағалау керек", "Иә, достармен өткен дәурен тамаша ғой", "Достардың орны бөлек. Оны ұзақ жылға сақтап қалу да көптің қолынан келмейді", "Бір-біріңе ұқсайды екенсіздер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918107-qinalganda-qasymnan-tabylgan-zanar-aizanova-ozinin-zan-dostaryn-korsetti-foto/