RU

"Масқара": Жәния Джуринская қатты арықтап кеткен түрін көрсетті (фото)

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Жәния Джуринская қалың көпшілікке өзінің қатты арықтап кеткен кезіндегі түрін көрсетті. Актриса бұл кейпі үшін өзін сынға алып, бұрындары өзге ғаламшарлыққа ұқсағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жания Джуринская желіде жанкүйерлеріне барынша жақын болу мақсатында олардың жолдаған сұрақтарына жауап берді. Оқырмандардың бірі өнер иесінен арықтаған кезі туралы сұрады. Бұл сауалға жауап ретінде актриса 49-50 келі болған кезіндегі суретін жариялап қойды.

"Меніңше, бұл нағыз масқара. Бұл жерде мен 49-50 келімін", - деп жазды фото астына ол.

Сонымен қатар, киножұлдыз суретінде өзге ғаламшарлықтарды белгілеп қойды. Ол өзінің бұл кейпін дәл солармен байланыстыратын көрінеді.

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918161-masqara-zaniya-dzurinskaya-qatty-aryqtap-ketken-turin-korsetti-foto/