Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық стильде отбасылық фотосессия жасаған Сәдуақасова елді тәнті етті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова ұлымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде этникалық фотосессиямен бөлісті. Оған әншінің отбасы мүшелері де қатысқан. Жұлдызды әулеттің ұлттық стильдегі образдары елді тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында ұлына қатысты аса әсерлі жазба жариялап, ерекше отбасылық суреттермен бөлісті.

"Тұла бойым тұңғышым, әкесінен аумай қалған, атасы, әжесі мен апасының бірінші немересі Әнуарымыз бүгін 7 жасқа толды! Махаббат пен мейірімге шомылып жүрген баламыздың үнемі жолы ашық, ақ болсын! Өмірінде тек жақсы жандар жолықсын! Ең бастысы, құлынымыздың дені сау болып, әрқашан бізді өзінің жетістіктерімен қуанта берсін! Ғұмырлы бол", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің ұлын туған күнімен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырды.

"Әкесінен аумай қалған балақай, бақытты бол. Бастысы денің сау болсын. Ата-анаңның мақтанышы болып жүре бер", "Балаларыңыз көп болсын. Ануардың артынан қыз ерсін", "Жүз жаса", "Олжастың көшірмесі ғой", "Бар жақсылықты тілеймін", - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар, оқырмандар жұлдызды отбасының ұйымдастырған ерекше фотосессиясына да аса қатты тәнті болды. Олар ұлттық стильді таңдаған әулетке деген өз жылы лебіздерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918260-ulttyq-stilde-otbasylyq-fotosessiya-zasagan-saduaqasova-eldi-tanti-etti/

pixel