Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғат аясында жүрген Жазира мен Жанболатқа ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Жанболат пен Жазира
Видеодан кадр: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Жанболат Ербатыров пен оның жары Жазира Байырбекова желіде ерекше видеоны жариялап, елді тәнті етті. Табиғат аясында жүрген ерлі-зайыптылар көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видеоны Жазира Байырбекова Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбада қос әншінің әсем табиғат аясында жүргенін көруге болады.

Ерлі-зайыптылар видеоны арнайы Көлсайға барып түсірген. Оған қоса, өнер иелері ұлттық образдарда бой көрсеткен.

Эстрада жұлдыздарының махаббатқа толы видеосы желідегілердің жылы лебіздеріне ие болды. Көпшілік әншілерге тәнті болып, оларға өз ақ тілектерін қарша жаудырған.

"Жаратқан жар болсын, Жазира мен Жанболатқа! Жүздері жай отындай жарқырасын, Жандары жақсылықты жалау қылып", "Қандай керемет көрініс. Сіздер де, табиғат та әдемі", "Нағыз үлгі болар жұп. Сіздердің өнердеріңізге де, өмірдегі қалыптарыңызға да тәнтімін", "Өте жарасымды жұп. Махаббаттары ескірмейді", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918355-tabigat-ayasynda-zurgen-zazira-men-zanbolatqa-el-suisindi-video/

pixel