RU

"Алтын анашым": Енесіне әсерлі жазба арнаған Фариза Төреәлі елді тәнті етті

Фариза Төреәлі енесімен
Фото: Instagram/fariza_toreali

Төреғали Төреәлінің қарындасы желіде енесімен бірге түскен ерекше фотосессиямен бөлісіп, оған аса әсерлі жазба арнады. Фариза Төреәлі жолдасының анасына деген асқан сыйластығын білдіріп, оған алғысын жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі енесіне арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Енесі мен келіні табиғат аясында ерекше фотосессия ұйымдастырып, қалың көпшілікті тәнті етті.

"Менің алтын анашым. Менің әр бастамамды, істерімді қолдап, біз үшін дұғасын тілеп, әрдайым жетістігімізге қуанатын жанашырым. Расында маған көбісі жазатындай "сізге жарыңызбен де, жарыңыздың анасымен де жақсы бұйырыпты" деп. Алланың шексіз нығметіне әрқашан шүкір деймін. Өз анамды қалай жақсы көрсем, екінші анамды да тура солай көрем. Мам сіздің қолдауыңызға, бізге деген сеніміңіз үшін, әрқашан түсініп қарайтыныңыз үшін рахмет! Мама мені қалдырмай инстадан қарап отырады, мам қазір оқып отырғаныңызды білем, сізді қатты жақсы көремін", - деп жазды Фариза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918981-altyn-anasym-enesine-aserli-zazba-arnagan-fariza-toreali-eldi-tanti-etti/