Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол сәттер енді оралмайды": Меруерт Түсіпбаева Берік Исмайыловты есіне алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева мен Берік Исмайылов
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өткен жылы қайтыс болған өнердегі және өмірдегі досы Берік Исмайыловты есіне алды. Әртіс марқұм дизайнердің зиратына барып, оған деген сағынышын жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram желісінде Берік Исмайылов туралы жазба жариялап, өзінің жан сырын ақтарды. Өнер иесі досының зиратынан фото жариялап қойған.

"Бір жылдай уақыт бір күндей зымырап өтті де кетті. Бүгін, дос- жарандарыңыз, отбасыңыз сізді еске алуға жиналамыз. Енді сіз жарқылдап күліп, аппақ ақ көңіліңізбен біздің алдымыздан шықпайсыз.Енді сіздей бізді ешкім ыстық құшағына баспайды, әдемі әзілдеп күлдіртпейді, саңқылдап еш бүкпесіз әңгімесін айтпайды, енді балаларыңыз бен немерелеріңізді ешкім дәл сіздей еркелетпейді. Шәкірттеріңізге дәл сіздей ешкім де дәріс бере алмас.

Тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Сол арсыз күлкі, арсыз ұйқы, арсыз өмір жалғасуда. Сіз кеткелі, басқаны қайдам?! Әйтеуір мен өзгердім. Мәңгілік өмір сүрердей, бейқам пенде, үстіне мұздай су құйып жібергендей бір серпілді. Мен өзіңіз сияқты, қайырымды істерді көбірек жасауға тырыстым. Сіздей елкезек болып, адамдарға жаным ашып, оларды түсінуге тырыстым. Кей сәттерде тығырыққа тірелгенде, жаным жасып құлазығанда, Бекең болса ғой. Ол кісі қандай ақыл айтар еді?! Қандай шешім қабылдар еді?! Ол кісі болса. Сол кезеңдер, өткен сәттер енді ешқашан оралмайтынын түсініп, жанымды қоярға жер таппадым.

Өмір жалған, ақ жауындай себелеп өтеді де кетеді. Көңілге медет-орнында бар оңалар, артта қалған ұрпағыңыз өсіп жатыр. Жақсылықтың жаршысындай, орныңызды басып, өмірге атақты атасының артынан бір қызғалдақ келді. Бақытты болсын! Ғұмырлы болсын! Атасындай дарынды да қайырымды перзент болсын! Адам ұрпағымен мәңгі жасайды. Алла артыңызда қалған жарыңызға, балаларыңызға, немерелеріңізге ғұмыр берсін! Сіз біздің мәңгілік жүрегіміздесіз", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919052-sol-satter-endi-oralmaidy-meruert-tusipbaeva-berik-ismaiylovty-esine-aldy/

pixel