RU

"Өмірімізді 360 градусқа өзгерттің": Төреғалидің жары тұңғыш қызын туған күнімен құттықтады

Төреғали мен Толқын қызымен
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің тұңғышы алты жасқа келіп жатыр. Әншінің жары қызының туған күніне орай желіде аса әсерлі жазба жариялап, оны ерекше құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Тұрарбекқызы үлкен қызына деген құттықтауын Instagram парақшасында жариялаған. Ол жұлдызды жолдасы мен перзентімен түскен суретімен де бөліскен.

Төреғалидің келіншегі тұңғышына аса әсерлі жазба арнап, оған деген аналық ақ тілектерін жолдаған.

"6 айлық болып туылған қызымыз 6-ға толып жатыр! Тұңғышым, өмірімнің мәнін кіргізіп, аналық сезімді ұялатқан Кәусарым! Туған күнің құтты болсын. Сен менің жүрегімнің ең үлкен бөлшегісің. 3 балам бір төбе, ал Кәусарым бір төбе. Аллам деңіне саулық берсін. Өмір-жасың ұзақ, ғұмырың мәнді болсын. Ата-анаңа нұрдан тәж кигізетін игі ұрпақтан бол! Ботақаным, сен бізге әлемді жаңа қырынан таныттың. Өмірімізді 360 градусқа өзгерттің! Сенімен біз, жаңа өмірге қадам бастық! Жүрегіміз болып, айналаңды қуанышқа толтырып жүре бер ботам", - деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға қосылып, туған күн иесін жарыса құттықтаған. Олар Кәусарға деген жылы лебізін білдіріп, оған денсаулық тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919208-omirimizdi-360-gradusqa-ozgerttin-toregalidin-zary-tungys-qyzyn-tugan-kunimen-quttyqtady/