RU

"Қайта қосылған ба": Қайрат пен Жұлдыздың жаңа видеосы елді тәнті етті

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен жаңа видеосын жариялап, барша жанкүйерлерін қуантты. Көпшілік соңғы кездері бірге көрінбей кеткен ерлі-зайыптылардың арақатынасын қызу талқылап, олардың айырылысып кеткенін болжаған еді. Алайда, өнер иесінің бейнежазбасы бұл күдікті жоққа шығарған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас жарымен түскен видеосын Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жариялаған. Онда ерлі-зайыптыларың мейрамханада ас ішіп отырғандарын көруге болады.

Өнер иесі алдымен өзін видеоға түсіріп, артынан келіншегінен күлуін сұрайды.

Желі қолданушылары көптен бері бірге бой көрсетпей кеткен жұбайларды қайта бірге көріп қуанып қалғандарын жасырмады. Олардың пікірінше, Қайрат пен Жұлдыздың арасындағы махаббат ұшқыны жаңадан жануда.

"Қайрат ағам көңілді. Жұлдыз жеңшеміздің қылығына қайта ғашық болғандай", "Қайта қосылған ба", "Қосылған ғой", "Бір-бірін жаңа көргендей болып отыр ғой. Махаббат болып отыр", "Жұлдызды бұрын ұнатпаушы едім. Осы жалғыз қалғанында қандай әйел екенін көрсете білгеніне риза болдым", "Қайрат аөкөңіл жігіт қой. Жұлдыз барлық қырынан мінсіз әйел", "Бақытты болыңдар", "Ғашық болса болатындай келіншек кой ,Жулдыз", "Бірге болыңыздар. Кеоемет үлгілі отбасысыздар", "Ешкімде ажыраспады не деген жансындар жамандыққа жандарын құмар қазақтын бір жақсылығын көрсендерші тек жамандық іздемей", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919221-qaita-qosylgan-ba-qairat-pen-zuldyzdyn-zana-videosy-eldi-tanti-etti/