jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды (видео)

    Әлия Әнуарбек
    Фото: Instagram/aliya_anuarbek

    Отандық танымал актриса Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесі жуынатын бөлмеде құлағандықтан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Дәрігерлер шоу-бизнес жұлдызының сегізкөз омыртқасы сынып кеткенін анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әлия Әнуарбек басынан өткен ауыр жағдай туралы Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесі оқырмандарына арнайы видео түсіріп, мән-жайды түсіндірген.

    Белгілі болғандай, оқиға актрисаның жуынатын бөлмеге барған кезде орын алған. Ол тайғанап құлап кеткен. Өкінішке орай, бұл жайт күрделі жарақатпен аяқталған.

    Бұл жағдайдың дәл өз үйінде орын алғаны киножұлдызды қатты қынжылтады.

    "Омыртқа сүйегімді сындырып алғанда қатты қорықтым. Мен тура сол жерде жылап жібердім. Қатты қорықтым. Омыртқамды толықтай сындырып алмағаныма шүкір", - деді өнер иесі.

    Қазіргі уақытта Әлия ауруханада дәрігерлердің қарауында жатыр.

    Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.