Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димаш туралы жазба қалдырды

Опубликовано:

Рахман
Фаджрул Рахман. Фото: infopublik.id

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман Димашқа шығармашылығы үшін алғыс білдірді деп хабарлайды Dimashnews.com.

Порталдың мәліметінше, 24 маусымда Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман өзінің ресми Instagram парақшасында Димаштың орындауындағы "Late Autumn" ("Кеш келген күз") әнінің бейнекөрінісін жариялаған.

Индонезиялық мемлекет қайраткерін қазақстандық әншінің осындай керемет композицияны орындауы таң қалдырды.

"Димашқа аты аңызға айналған "Late Autumn" әні үшін үлкен рахмет! Бұл керемет жоғары ноталар. Мен үшін бұл менің Отаным туралы ән. Рахмет!", - деп жазды Фаджрул Рахман.

Фаджрул Рахман – 2019 жылдан бастап Индонезия президентінің баспасөз хатшысы. Бұл қызметке кіріспес бұрын ол қоғам белсендісі, саясаткер және жазушы ретінде танымал болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауына қазылық ететінін айтқан еді.

"Достар, "Новая волна" байқауына баратынымды ресми түрде растаймын. Мен оған әділқазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!", – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауы Сочиде 19 мен 25 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919334-indoneziya-prezidentinin-baspasoz-xatsysy-dimas-turaly-zazba-qaldyrdy/

pixel