Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығын кешірдім": Айжұлдыз Адайбекова желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова желіде әсерлі жазбамен бөлісіп, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Жанар Айжанованың қызы өзін сатып кеткен адамдардың барлығын кешіріп, олардың ешбіріне кек сақтамайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана алғаш рет ана атанған Айжұлдыз Адайбекова өміріне түрлі өзгеріс енгізуде. Актриса жолдасымен айырылысып кеткен соң шашын өзге түске бояп, өзінің дамуға арналған курсын бастап кетті.

Ал кеше жас ана Instagram парақшасында ерекше жазбамен бөлісті. Өнер иесі өзін ренжіткен әрі сатып кеткен адамдардың барлығын кешіргенін жазды.

"Кешірім туралы жазба. Маған адал болмаған жандардың барлығын кешірдім. Мені керек кезде сатып кеткен адамдардың барлығын кешірдім. Оларға тек жақсылықты тілеймін. Барлығы үшін алғысты сезініп тұрмын. Менің ішкі трансформациям аяқталды", - деп жазды Адайбекова.

Желі қолданушылары Айжұлдыздың бұл жазбасынан кейін оны сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік кешіргендер арасында оның бұрынғы күйеуі Қыран Талапбектің бар-жоғын білмек болған.

"Айналайын Айжұлдыз алла бағыңды ашсын,аллаға шүкір ата-анаң , ұлың жаныңда еңсеңді түсірме алланың берері көп", "Жарайсың, ата- анасының адалынан Алланың берген баласы да ақылды тамаша", "Қыранды кешіре алдың ба? Неге ұлдарың үшін қосылмасқа?", "Дұрыс, кек сақтамай, кешірімді бола білу керек", "Мына жазба кімге арналғанын бәрі біліп тұрған болар", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919940-barlygyn-kesirdim-aizuldyz-adaibekova-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel