RU

Роза Рымбаеваның келіні су жаңа көлігін көрсетті (видео)

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Ақерке Бүркітбай ерен еңбегінің арқасында су жаңа автоға ие болды. Әли Оқаповтың келіншегі бұл қуанышымен барша жанкүйерлерімен бөлісіп, қалың көпшілікке өз темір тұлпарын көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақерке Бүркітбай өнерден тыс айналысатын кәсібінде үлкен жетістікке жеткені үшін су жаңа автокөлікті иеленді. Өнер иесінің еңбегі бағаланып, басшылық оған темір тұлпарды тарту еткен.

Оқаповтың жары өміріндегі аса ерекше сәтімен Instagram парақшасында бөлісіп, естен кетпес күні қалай өткенін барша оқырмандарына да көрсеткен.

Бейнежазбадан әншіні құрбылары құттықтап келгенін көруге болады. Олар Ақерке үшін аса қатты қуанып, оны гүл шоқтарына көмкерген.

Желі қолданушылары да актрисаның жетістігін риза болған. Қалың көпшілік оны жарыса құттықтап, өз ақ тілегін жолдаған.

"Құтты болсын, мұның барлығы таза еңбектің арқасы", "Сен осындай сыйларға лайықсың. Қатты жұмыс істедің", "Жарайсың, темір тұлпарың құтты болсын", "Сенің еңбегің бағаланғаны ғой. Сені мақтан тұтамыз", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920007-roza-rymbaevanyn-kelini-su-zana-koligin-korsetti-video/