Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыран Талапбек: Маманың баласы болғаныма мақтанамын

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Фото: Instagram/kyran_talapbek

Отандық танымал видеоблогер өзін "мамасының баласы" деп атап, мазақ етіп жүргендерге жауап берді. Ол бұл өмірді анасының ризашылығы үшін ғана сүруге дайын екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыран Талапбек бұл тақырып аясында Instagram желісінде азулы жазба жариялап, өзін сынға алғандарды орнына қойды.

"Сендер “мамасының баласы” деп жағымсыз пікір жазған сайын, мен сендердің белсенділіктеріңді ақшаға айналдырмақпын. Мен мамасының баласы болғаныма мақтанамын. Ешкімнің аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәріміз анамыздың құрсағынан шыққан пендеміз. Бұл өмірді анамның ризашылығы үшін ғана өмір сүруге дайынмын. Мамасының баласы болудан қорықпа. Мамаңды сатқаннан қорқу керек. Одан да өлген артық” - деп жазды видеоблогер.

Айта кетейік, Қыран Талапбек жары Айжұлдыз Адайбековамен айырылысып кеткен болатын. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ ұлы бар.

Оған қоса, жақында Айжұлдыз бен атышулы Say Mo алдағы уақытта "Мамасының баласы" атты жаңа ән шығаратыдарын мәлімдеген еді. Қос арудың да некесі сәтсіз аяқталды. Олар күйеулерімен ажырасуына енелерінің кесірі тигенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920055-qyran-talapbek-mamanyn-balasy-bolganyma-maqtanamyn/

pixel