"Маған бірнәрсе болып қалса, балаларға қара": Арапбаева жолдасының қатты ауырған кезін есіне алды
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Маржан Арапбаева ашық сұхбат беріп, отбасының басынан өткен ауыр жағдай туралы жан сырын ақтарды. Белгілі болғандай, өнер иесінің жолдасы өткен жылы коронавирус жұқтырып, өкпесі қабынып, қатты ауырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Маржан Арапбаева жолдасынан айырылып қалуға қатты қорыққанын жасырмады. Бұл туралы әнші Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
"Былтыр күйеуімнің туған күнінде екеуміз бірге коронавируспен ауырып жаттық. Мен жеңіл формада, ал жұбайым қаттырақ ауырды. «Ой қиын болып жатыр. Маған бірнәрсе болып кетсе балаларға қара» деген әңгімелер айта бастады. Мен «адамды қорқытпашы» дедім. Ал оған өте қиын болды. Өкпесінің 28, әлде 30%-ына зақым келген. Кәдімгідей ауырды. Мен қасында қолдау көрсетіп жаттым. Менде иіс сезбеу, әлсіреу секілді бүкіл белгілері болды. Бірақ мен оптимистпін, өзіме қиын ауру ретінде қабылдамадым", - деді Маржан Арапбаева.
Сол уақытта ауруханаға көптеген науқастар түсіп жатқанын көрген эстрада жұлдызын түрлі ой мазалаған.
"Сол кезде палаталарға адамдар келіп жатты. Әсіресе, үлкен кісілер. Барлығы ИВЛ-аппаратпен жатқандар. Өз күшімен демала алмағандар. Сол кезеңде көптеген белгілі тұлғаларымыздан айырылып жаттық. Одан бөлек танымайтын басқа адамдар, жастар да өмірден өтіп жатты. Сол кезде кәдімгідей ойланып, қорқа бастадық", - деп айтты әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920156-magan-birnarse-bolyp-qalsa-balalarga-qara-arapbaeva-zoldasynyn-qatty-auyrgan-kezin-esine-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.