Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен үшін алаңдап жүр": Жақында ажырасқан Әсел Асқар ұлына жүкті екенін қалай хабарлады (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар ұлымен
Әсел Асқар ұлымен. Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал блогер әрі актриса Әсел Асқар желіде ұлымен түскен жантебірентерлік видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Өнер иесі онда тұңғышына тағы да балалы болатынын хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар бұл жаңалықты баласына хабарлайтын күнді аса қатты күтіп, оған барынша дайындалған. Актриса перзентінің жүктілік туралы хабардан кейін қандай әсерде болғанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол өміріндегі аса маңызды әрі әсерлі сәтімен алдымен өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

Шоу-бизнес жұлдызының ұлы анасының аяғы ауыр екенін білген соң, ол үшін қатты алаңдай бастаған. Балақай оған ауыр заттар көтергізбей, барынша қолдауын көрсетіп жүр.

"Шынымды айтсам, балам мұндай әсерде болатынын күтпедім. Бірақ, көз жасына ерік беретінін ойладым. Себебі, қалай болғанда да ол тоғыз жыл бойы жалғыз болды. Өзінің жалғыз бала екеніне де үйреніп қалды. Алайда, мұның бәрі тек менің болжамдарым болып шықты. Балам бұл жаңалықты ересек адам ретінде қабылдап, шынайы қуанды. Ол мені қатты таңғалдырды. Бұл қуанышты хабарды естіген соң тіптен маған алаңдап, жауапкершілікті сезініп жүргендей. Есігімді ашып, ауыр заттарды маған көтергізбейтін болған. Оған қоса, маған барынша қамқор болып, тіпті жеміс-жидектер алып келетін болды.
Ұл баланың анасы болған сондай жақсы. Балам үшін бекерге алаңдап жүргеніме тағы да көзім жетті. Ол есейген. Көп нәрсені түсінеді. Ұлым бір ай бойы менің не себепті лоқсып жүргенімді білмей жүрді. Апасынан менің қашан жазылатынымды сұрап жүрді. Бәрі менің өтінішім бойынша оған ештеңе айтпады. Енді ол бәрін біледі. Қуанышыма ортақ. Күтуде", - деп жазды Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920428-men-usin-alandap-zur-zaqynda-azyrasqan-asel-asqar-ulyna-zukti-ekenin-qalai-xabarlady-video/

pixel