Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасыма ұл сыйлағым келеді": Аша Матай асқақ арманы туралы айтты

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: Видеодан кадр

Өнер жолында өзін түрлі бағытта таныта білген Аша Матай өз отбасылық өмірі туралы бар шындықты айтты. Бір жобадан екіншісіне үлгеріп жүрген өнер иесінің әркез қызу жұмыста екеніне жолдасының көзқарасы қандай? Бұл сұрақтың жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Аша Матай "TalkLike" бағдарламасына ақтарыла сұхбат беріп, өзінің өнер жолы туралы жан сырынқ ақтарды.

"Әр адам басына бақ қонған сәтті сезіну керек. Аллаға шүкір, бұл бақты қашанда бағалап келе жатқан сияқтымын... Мен өзімді бақытты сезінемін. Көп үлкен белестерді бағындырдым деп айта алмаймын. Бірақ кез-келген қадамға қуанамын. Кез-келген өмірдің сыйын қабылдай аламын", - деген актриса.

Оның сөзінше, мұның барлығы біріншіден Алланың, екіншіден ата-анасының арқасында болып отыр.

Аша Матай тележүргізуші, актриса, әнші ғана емес, сонымен қатар ол бүгінде аяулы жар әрі сүйікті ана. Отбасылық өмірі мен шығармашылығын барынша үйлестіріп, үлгеріп жүрген ару өзінің өнеріне қайын жұртының көзқарасы қандай екенін жасырмай айтты.

"Менің отбасым түсінді. Қоңырбаевтар әулетіне келін болып кім түсіп жатқанын білді. Сондықтан тыйым қойған жоқ. Арман кей кездері артқа тартып тұрады. "Келінсің, анасың, менің жұбайымсың", - деп тұрады. Ол ер азаматқа тән қасиет деп ойлаймын. Біріншіден, қызғаншақтық, екіншіден "тәйт" деп тұру керек деп ойлаймын. Оған көнемін. Көнбеймін деп айта алмаймын, бірақ "басқаша болса қайтеді?" деп әйелдік харизмамды қосатын кездер болады. Бірақ "жоқ" десе жоқ қой" , - деді Аша.

Сонымен қатар, тележүргізуші бағдарлама соңында өзінің асқақ арманы туралы айтты. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлағысы келетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920798-zoldasyma-ul-syilagym-keledi-asa-matai-asqaq-armany-turaly-aitty/

pixel