Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күніге хабардамыз": Айым Сейтметова күйеуінің балаларымен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Айым Сейтметова жолдасымен
Фото: Instagram/aiymsm

Қазақстандық танымал актриса әрі блогер Айым Сейтметова жолдасының бірінші некеде туған балаларымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Өнер иесі күйеуінің перзенттерімен күн сайын хабарласып тұратынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айым Сейтметова үшін жолдасының ажырасқан азамат болғаны ешқандай кедергі келтірмеген. Өнер иесі жүрегі қалаған жанды сол қалпымен қабылдап, оның бірінші некеде туған балаларымен тез тіл табысып кеткен

Актриса бүгінде Итаевтың перзенттерімен өте жақсы араласатынын айтты. Олар күн сайын өхара хабарласып, бір-бірімен сөйлесіп болмайынша ұйықтамайтын жағдайға жеткен.

Бұл жайында Айым Сейтметова "Папарацци" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Күніге хабарласып тұрамыз. Олар үнемі қоңырау шалады, жазады. "Мені алып кетші. Әкесіз қыдырайық" деп айтады. Қарым-қатынасымыз осындай. Бәріміз бірге ұшақта болсақ, олар міндетті түрде менің қасыма отырады. Талғат өзі отырады. Біздің арақатынасымыз үлкен деңгейде жеткені соншалық, олар тіпті менсіз ұйықтамайды. Балалары керемет. Олар мені өте қатты жақсы көреді. Мен де оларды қатты жақсы көремін", - деп ағынан жарылды Айым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920858-kunige-xabardamyz-aiym-seitmetova-kuieuinin-balalarymen-araqatynasy-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel