Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Кішкенбаевтың анасы өмірден өтті

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев анасымен
Фото: Instagram/a.kishkenbaev

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Алмас Кішкенбаевтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Әншінің анасы өмірден озды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып белгілі қазақстандық журналист Азамат Исаев жеткізді. Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, өнер иесіне көңіл айтты.

"Сүйікті ұлдарыңыз, тұңғыш SuperStar Алмас Кішкенбаевтың анасы мәңгілік мекеніне қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Бәріміз Алладан келдік және оған қайтушымыз. Алмас, бауырым бекем бол. Туған туыстарыңа керексің. Сабыр берсін", - деп жазды ақпарат өкілі.

Желі қолданушылары бірден Алмас Кішкенбаевты барынша жұбатуға тырысып, өз қолдауларын білдірді.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Алмас Кішкенбаев пен оның отбасына қайғырып көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921343-almas-kiskenbaevtyn-anasy-omirden-otti/

pixel