Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлымен суретке түскен Төреғали мен Толқын елді сүйсінтті

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын ұлымен
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Төреғали Төреәлі мен оның жары Толқын Тұрарбекқызы алғаш рет жаңадан туған сәбиімен түскен суретін жариялады. Көпбалалы ата-ананың ұлдарымен түскен фотосы елді сүйсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерекше отбасылық суретпен Толқынның өзі Instagram парақшасында бөліскен. Фотода ерлі-зайыптылардың кішкентай ұлдарына қарап жатқанын көруге болады.

"Сенің атың “ТөреМұхаммедӘли! Сәлем бердім, баршаңызға! Әр бала өз несібесімен келеді, бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады демекші, ұлымыздың тәлейіне бәрі ретімен орындалып жатыр. Аллаға сансыз Шүкір! Бала дүниеге келгенде орындалатын сүннет амалдары, ақиқасын тарату, азан шақырып атын қою ата-анаға жүктелетін басты міндет деп ойлаймын. Алланың қалауымен ұлымыздың азан шақырылып қойылған есімі - ТөреМұхаммедӘли", - деген жазба қалдырды Толқын.

Жұлдызды жұптың аса бақытты сәттеріне куә болған желі қолданушылары оларға сүйсіне қараған. Қалың көпшілік Толқын мен Төреғалиге тәнті болып, оларға деген өз жылы лебіздерін білдірген.

"Қандай әдемі сурет", "Бақытты болыңыздар. Балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Сондай махаббаттқа толы фото", "Бір адамға үш адамның есімін беру ауыр емес пе", "Ғұмырлы болсын", "Мұғалімі атын жазғанда қиналатын болды ғой", "Қандай тәттісіздер", "Балаларыңыз көп болғай", - деп жазудп желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921441-ulymen-suretke-tusken-toregali-men-tolqyn-eldi-suisintti/

pixel