"Ең керемет азамат": "КешYOU" тобының экс-солисі қалыңдық атанды
Жарияланған күні:
"КешYOU" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған әнші Назым Әбілдина жақында тұрмысқа шықпақ. Шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауап алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Назым Әбілдина қуанышты жаңалығын бірден Instagram желісінде бөліскен. Қалыңдық атанған әнші ару арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке өзіне тағылған сақинаны көрсеткен.
"Мен ең керемет азаматтың қалыңдығы атандым" , - деп жазған Әбілдина бейнежазба астына.
Назым Әбілдина өмірінде орын алып жатқан қуанышты жағдайды жария етсе де, болашақ жары кім екенін жасырын ұстап қалған.
Желі қолданушылары бойжеткенді жарыса құттықтап, оған өздерінің ақ тілегін арнады.
Әншіге жылы лебізін білдіргендер қатарында оның өнердегі әріптестері Аша Матай, Элизат Берікова, Алтынбек Рахметов, Еркеш Хасен де бар.
Айта кетейік, Назым Әбілдина - бүгінге дейін құрамын 14 мәрте өзгеркен "КешYOU" тобының экс-солисі. Оған қоса, Назым бала күнінде көпшілікке танымал болған "Айгөлек" балалар байқауын бірнеше жыл жүргізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921599-en-keremet-azamat-kesyou-tobynyn-eks-solisi-qalyndyq-atandy-video/