Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 жыл бірге": Мейрамбек Бесбаев жарымен некелескен күнін атап өтті (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев жарымен
Фото: Instagram/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың жарымен некелескеніне 17 жыл болды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев жары екеуінің некелескеніне 17 жыл толуына орай жақын достарының басын қосып, бұл ерекше күнді атап өтуді жөн көрген. Мерекелік кеш оңтүстік астанадағы караоке-мейрамханаларының бірінде болған.

Әншінің жұлдызды қонақтары Instagram желісінде ерлі-зайыптылардың видеоларымен бөліскен. Желіде жарияланған бейнежазбадан жұбайлардың торт кесіп, ет-жақындарының арасында көңілді кеш өткізіп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі бұл атаулы күні келіншегін құттықтап, оған гүл шоқтарын тарту еткен.

Желідегілер ерлі-зайыптыларды жарсы құттықтап, оларға деген өз ақ тілектерін жаудырған.

"Бақытты болыңыздар", "Махаббаттарыңыз баянды болсын. Бар жақсылықты тілеймін", "Екеуіңізге тәнтімін. Нағыз үлгі тұтар жұпсыздар", "Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Керемет жұп", "Құттықтаймыз. Осындай қуаныштар көп болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921692-17-zyl-birge-meirambek-besbaev-zarymen-nekelesken-kunin-atap-otti-video/

pixel