RU

"Есіктен кіріп келетіндей": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасына деген сағынышын жеткізді

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм ағасын есіне алып, оған деген сағынышын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ағасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады. Ақпарат өкілі туғанының енді жоқ екеніне әлі де сене алмай жүргенін жасырмады.

"Менің бар болмысым осы. Іштегі көңіл-күйімді жасырмаймын сіздерден. Дәл қазір Алматыдамыз. Ұлым Сағадат пен ағамның қызы Мариямға қарап отырмын. Ағам өмірден озғанына 2 апта өткенде дүниеге келген қыз. Әттең, әкесі бір иіскей алмай кетті. Әлі сене алар емеспін. Есіктен кіріп келетіндей. Ағамның орнын ешкім баса алмайды.
Қатты сағындым. Осы бір жыл ішінде басын көтеріп, тасын да қойдық. Күнде құран оқылды. Бір айта кетері балаларының бәрі құран оқи алады. Бұл ағамның өсиеті болатын. Міне, ертең 1жылдық асын береміз. Ағатайым! Балаларымыздың арасындағы көзге көрінбейтін бір бауырмалдық сезім барын байқаймын", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921877-esikten-kirip-keletindei-laila-sultanqyzy-marqum-agasyna-degen-sagynysyn-zetkizdi/