Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова алғаш рет өзінің туған әкесін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова қалың көпшілікке алғаш рет туған әкесін көрсетті. Жанар Айжанованың қызы желіде марқұм әкесінің суреттерін жариялап, оған деген алғысын жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова өзінің туған әкесінің фотоларымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол Stories бөлімінде отбасылық мұрағаттағы суреттерді жариялап, желідегілерді тәнті етті.

"Көбісі менің өгей әкемді біледі. Бірақ, туған әкемді әлі ешкім көрмеген. Суретін назарларыңызға ұсынамын. Сымбатты өзі. Жомарт әрі ақкөңіл болған дейді. Күбенов Адайбек. Оны өмірімде мүлдем көрмесем де, оған деген өзгеше жылулығым бар. Әкем анамның аяғы ауыр болғанда қайтыс болып кеткен.Оған деген алғысым шексіз. Әке менің мінезім мен ақкөңілділігім үшін рахмет. Мұның бәрі сізден дарыған", - деп жазды Айжанованың қызы.
Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Желі қолданушылары бірден жас дизайнер мен оның әкесінің өзара ұқсастығын жарыса жазып жатты. Бірі Айжұлдыздың анасына көбірек ұқсайтынын айтса, енді бірі оның әкесінен айнымай қалғанын алға тартты.

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Айжұлдыз Адайбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921899-aizuldyz-adaibekova-algas-ret-ozinin-tugan-akesin-korsetti-foto/

pixel