Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басымды айналдырып тұр": 115 млн теңге тұратын алқаны таққан Сәдуақасова қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова қазіргі таңда отбасымен Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатыр. Өнер иесі Дубай қаласының әсем жерлерін аралап қана қоймай, бағалы бұйымдар дүкеніне де баруға үлгерген. Әнші ол жерде 115 млн теңге тұратын әшекейді киіп, шешкісі келмей қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Дубайдағы бұйымдар дүкенінде өзіне ұсынылған әшекейлерден бас тарта алмаған. Эстрада жұлдызы бұйымдардың бағалы тастарына ғашық болып, оны шешкісі келмеген.

"Дубайға келген адам міндетті түрде алтын алуға, көруге барады! Мен де келдім қазір, мына үстімдегі сұлулық жүрегімді соқтырып, басымды айналдырып тұр. Бүкіл жиған тергенімді жұмсаймын, бірақ алам деп тұрғанмын ғой. Бағасын естіп, сол тұрған жерімде осылай бумеранг болып әлі тұрмын. Титаниктегі “ Мұхит жүрегінің” тура өзі сияқты. Танзаниттың ең ірі тасы алқасында, жан жағында бриллианттар. Жұмысы мінсіз", - деп жазды әнші.

Мадина Сәдуақасова аса қымбат алқаның бағасы 270 мың доллар тұратынын айтты. Ол дегеніміз - 115 млн теңге.

Әртістің жанкүйерлері бірден әшекейді қызу талқылап, оның бағасына қатысты өз ойларын айтты.

"Меніңше, аса әдемі емес", "Арзан тұратын секілді", "Сізге жарасып тұр. Сатып алыңыз", "Барлығымыздың несиемізден де қымбат сияқты ғой", "Соншама ақшаны құртудың қажеті не", "Тасы басқаша болғанда жақсы болар еді", "Бастысы жүрегіңізді тас баспасын. Алқа аса көңілімнен шықпай тұр", "Сол ақшаға сай ма екен", "Керемет жарасып тұр", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921905-basymdy-ainaldyryp-tur-115-mln-tenge-turatyn-alqany-taqqan-saduaqasova-qyzu-talqyga-tusti/