Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың қарапайым баласы": Сиыр сауған Төреғали желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі сиыр сауып жатыр
Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі желіде сиыр сауған видеосын жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары өнер иесінің асқан қарапайымдылығына таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі аталмыш видеомен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбадан ауылда жүрген әншінің сиыр сауу әдісін паш етіп жатқанын көруге болады.

Өнер иесі алдымен жануарға шөп беріп, кейін бұзауын алып кетіп оны сауа бастайды.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін жарыса білдірген.

"Жарайсың, қазақтың қарапайым баласы", "Бәрі ауылдан шыққан ғой. Шыққан жерін ұмытпаған дұрыс", "Керемет көрініс. Жұлдыз болғанымен аса қарапайым екен", "Менің әкем де, жолдасым да, балам да сауады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Жарайсың Төреш", "Бұрын сізді өзінше деп ойлайтынмын. Енді қателескенімді түсініп жатырмын", "Ел алдында жұлдыз болып жүрсе де, қарапайымдылығын жоғалтпаған", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921912-qazaqtyn-qarapaiym-balasy-siyr-saugan-toregali-zelini-zardy-video/

pixel