Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

44 жастағы Тамара Асар тұрмысқа шықты (видео)

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: /instagram.com/p/CRMYBNzM6un/

Белгілі әнші Тамара Асар тұрмысқа шықты. Сүйінші жаңалықпен әншінің өнердегі құрбысы, әнші Айгүл Елшібаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Елшібаева Тамара Асардың тұрмысқа шығуына байланысты үйіне шашу шаша барғанын өз оқырмандарына жеткізді.

Сәйкесінше, желідегі парақшасына Тамара Асардың жарымен отырған суретін де салып қойды. Құрбысының бұл жаңалығына қатты қуанған өнер иесі оны желі арқылы құттықтауды жөн көрген.

"Ақ Томидің маған ақ ниетпен жайған дастарханында. Ақ Тамара құдай қосқан жездеммен қоса ағарып, ақ Қамбардың артынан Қамбарлар ере берсін!

Байлығы Қожаназар атасындай жеті атасынан арылмаған Ақ Томиыма, ақ тілектеріңді жазып отырыңдар!

Ешқашан да байлығын көрсетіп мақтанбайтын, жеке өмірін көрсетіп шаттанбайтын, бойға жиған қазынасын керек жерде төгетін, құдай көтере білгенге береді", - деген тәмсілді әрқашан еске алдыратын, Ақ Тамарам, городок! Тфә-тфә, көз тимесін!", - деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары Тамара Асардың қуанышына ізгі ниеттерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

Еске салсақ, бұған дейін "КешYOU" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған әнші Назым Әбілдинаға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.

Қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі хабарлады.

Одан бөлек, әнші Мақпал Исабекова да жуырда сүйікті азаматымен некесін қидырып, көпті қуантқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922305-44-zastagy-tamara-asar-turmysqa-syqty/