Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел - күң емес": Белгілі актер ер-азаматтарды әйелді сыйлауға шақырды

Опубликовано:

Рамазан Амантай
Рамазан Амантай. Скриншот: видеодан алынды

Елімізге белгілі актер, комедиялық жанрдағы кинотуындыларда бой көрсетіп жүрген Рамазан Амантай қазақ ер-азаматтарын әйел затын сыйлауға шақырды. Тимур Балымбетовтің "Er-Batyr" жобасына сұқбат берген өнер иесі отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалың көпшілікке "Бизнес по-казахски" туындысы арқылы танылған Рамазан Амантай жуырда отбасын құрған. Сұқбат кезінде ол өзінің отбасындағы ата-анасының өзара сыйластығы туралы айта келе, өзінің де әкесінен үлгі алатынын жеткізді.

"Шешім қабылдайтын болсам, бір нәрсені істер алдында менің орнымда әкем болса, не істер еді деген ой тұрады. Кез келген ер балада сондай шығар. Өмірге әкемнің көзқарасымен қараймын. Сол кісіге ұқсағым келеді", - дейді ол.

Актер жүргізушінің "ер адам отбасындағы қарым-қатынаста қандай болуы керек?" деген сұрағына былай жауап берді:

"Қатты тәжірибем жоқ. Қарым-қатынаста өзімді жүз пайыз мінсізбін деп айта алмаймын. Керемет күйеумін деп те айта алмаймын. Бірақ соған талпынамын. Әйеліңді ел алдында еркелетуге намыстанатын азаматтар бар ғой. Соларға айтарым, сенің әкең анаңды, қарындасыңды күйеубалаң ел алдында еркелетіп жатса, жақсы емес пе?! Көмектесуге, сезімімді айтуға намыстанбаймын. Әйел - күң емес", - дейді ол.

Бұл тұста, оның сөзіне толықтай қосылған жүргізуші де актерді қолдайтынын жеткізді.

"Біздің қоғамда әйелге тек келін, күң ретінде қарайтындар көбейді. Тұлға ретінде көптеген ер адамдар бағаламайды. Тек балаларын бағатын, ата-анасына қарайтын, үйін реттейтін адам ретінде ғана бағалайды. Бұл біздің қоғам үшін үлкен мәселе", - дейді Тимур Балымбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922343-aiel-kun-emes-belgili-akter-er-azamattardy-aieldi-syilauga-saqyrdy/

pixel