"14 келі тастадым": Нұрболат Абдуллин артық салмақтан қалай құтылғанын айтып берді
Жарияланған күні:
Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин дене бітімі жас кезінде қазіргіге қарағанда әлдеқайда ірі болғанын айтады. Сөзінше, ол қазіргі сымбатына жету үшін 13-14 келі салмақ тастап, өзін шектеуге мәжбүр болған. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші желіге өзінің жиырма жасындағы суретін жүктеп, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол осы уақыта дейін 13-14 келіге дейін салмақ тастаған. Әнші мұндай жетістік, ең алдымен, шыдамдылық пен сабырлық арқасында мүмкін болды, дейді.
"Ол кезде талғамайтын кездер еді. Жиырмадан енді асқан шағым. Жолшыбай донер, самсаны сүйкей салып, кешке турник, брусьяда жаттығатынмын.
Уақыт өте түсіне бастадым, сахнаның өзіндік сәні, формасы барын. Тәтті тамақтардан бас тарту үшін үлкен шыдамдылық керек екен. Үйрендік. Қалыпқа келе бастағанда қатарға қосылдым.
Артық салмағың болмағаны кей жерлерде абырой болды.
Кейде ойлансам кезіндегі қиын шақтар қазір қызық болып көрінеді.
Бәлкім, сіздерге де қызық болар. Жақсы нәрсе көп бөлігінде қиыншылықпен, ниетіңе орай сәттілікпен келеді екен. Сіздермен бөліскім келді. Айтпақшы екі фотодағы салмақ айырмашылығы 13-14 кг", - деп жазады әнші (ред. - автордың орфографиясы мен пунктуациясы өзгертілмеген күйде берілді).
Десе де, кей дәрігерлер артық салмақтың тамақтануға байланысты емес екендігін айтып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін тамақтану уақыты денені қалпында сақтауға немесе артық салмақ қосуға әсер етпейтінін мәлімдеген терапевт-дәрігер, диетолог Филипп Кузьменко туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922555-14-keli-tastadym-nurbolat-abdullin-artyq-salmaqtan-qalai-qutylganyn-aityp-berdi/