Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркебұлан Дайыров Азияның үздік актері атанды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандық белгілі актер Еркебұлан Дайыров әйгілі "Канн" кино жүлдесі бойынша Азияның үздік актері ("best Asian actor 1st Cannes film awards") атанды. Бұл ақпаратты өнер иесінің өзі де растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өзім түсірілім алаңында жүрмін. Бұл жаңалықты Instagram әлеуметтік желісі арқылы білдім. Сонда белгілеп, құттықтап жатқандар көп.. Басында сенген жоқпын. Продюсерлер хабарласып айтты. Қазір сезінуге уақыт болмай, құттықтап жатқан кісілерге алғысымды айтумен уақыт өтуде. Бұл бәріміздің ортақ жеңісіміз ғой", - деді қазақстандық актер.

Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров бұл марапатты режиссер Эля Гильманның "Подсолнух" ("Күнбағыс") фильміндегі рөлі үшін алды. Ол фильмді Эля Гильманның ішінен шыққан баласына теңеп, барлық жұмыспен режиссердің өзі айналысқанын атап өтті.

Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында өмірге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

2006 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

2013 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды, 2015 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері болды.

"Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923516-erkebulan-daiyrov-aziyanyn-uzdik-akteri-atandy/