Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ninety One сатқындық жасады": Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

Жарияланған күні:

Жұбаныш Жексенұлы
Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Танымал отандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Тимур Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" бағдарламасына сұқбат беріп, қазіргі эстраданың ахуалы жөнінде пікір білдірді. Оның ішінде әнші Ninety One тобының репертуарына тоқталып, топ мүшелерін "тілді қорлады" деп айыптады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында Жұбаныш Жексенұлы қазіргі эстрада өкілдерінің кәсібилігіне қатысты өз ойын ашық айтты. Аға буын өкілінің пікірінше, бүгінде музыканың қадірі кетіп, "халі" нашарлаған. Дегенмен, музыкаға көзқарасы ерекше жастар да баршылық екенін атап өтті ол.

Сұқбат барысында, әнші Ninety One тобына да өз ренішін білдірді. Айтуынша, олар орындайтын әннің сөздеріне тиісінше құрмет көрсете алмайды. Астарлап жеткізгісі келіп, сөздің айтылуын өзгертіп тастайды. Осылайша, қазақ тіліне сатқындық жасайды, деген пікірін білдірді әнші.

"Мен олардың музыкасын жақсы көремін. Маған ұнайды. Киіну, шаш бояу, сырға тағуда емес мәcеле. Мені ренжіткен нәрсе - әкесінің, атасының бабасының сөйлеген тілін қорлау. Мәтінге қатысты "жоқ, ол сөзді емес, негізі мына сөзді айттық" дейді. Оны хайп деп айтамыз ба, не дейміз? Cізге ұнай ма білмеймін, маған ұнамайды. Мысалы, бір әнінде "құрттың ғой бәрін" деген тіркес бар. Оны қоспаса да болар еді. Мүмкін, ескі заманның адамы деп ойлайтын шығар, бірақ мен оны мазақтау деп білем.
Үлкен бір қылмыс емес, бірақ сатқындық деп санаймын. Бабасы сөйлеп келген тілді миллиондардың алдында осылай айта салу деген дұрыс емес. "Жаман сөз айтқан жоқпыз ғой" дейді. Сөйтіп таңғалдырады. Ойының ұшқырылығы ғой. Бірақ мен осыдан кейін оларды тыңдамай қалады. Жаман сөз емес шындығында, бірақ астарында басқа нәрсені айтып тұр. Ол - мазақ. Ол - өзін-өзі мазақтау. Ал хайп дер болса, ол - өз ішкі принципін сату", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923614-ninety-one-satqyndyq-zasady-zubanys-zeksenuly-atysuly-topqa-aiyp-taqty/