Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда жүрген Сәдуақасова жолдасын биші қыздан қызғанып қалған (видео)

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жолдасын мың бұралған биші арудан қызғанып қалған. Өнер иесі бойжеткенге қараған күйеуінің бар назарын өзіне аударуға тырысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова отбасымен Біріккен Араб Әмірліктеріне демалуға барып, қызық жағдайға тап болған. Эстрада жұлдызы Дубайда жүріп, жолдасын биші қыздан қызғанып қалған. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында айтып берді.

Өнер иесі мың бұралған аруға қарап қалған күйеуінің бар назарын өзіне аудару үшін оған өзі би билеп берген.

"Бүгін шығыс би билеген қыздан Олжасты қызғандым. Назарды өзіме аудару үшін ба, әлде көңіл күй күшті болып билегім келді осылай" , - деп жазды ол.

Алайда, кейіннен Сәдуақасова ел алдында қызғаншақтар қатарынан емес екенін айтып ақталды.

"Бір қызғана қойып едім , бір билей қойып едім тегі. Шын айтам, күні түні ойымда “Олжас қайда екен? Кіммен екен? “ деген жоқ! Қатты қызғаншақтардың қатарынан емеспін, жаман ойлап қайтемін, басымды ауыртып, бірақ “повод" болса жаман болары анық", - деді Мадина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924307-dubaida-zurgen-saduaqasova-zoldasyn-bisi-qyzdan-qyzganyp-qalgan-video/