Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"9 сыныпта мажор атандым": Қыран Талапбек оқушы кезінде мың долларлап ақша тапқаны туралы

Опубликовано:

Қыран Талапбек
Қыран Талапбек. Фото: YouTube/ Төртеу түгел болса

Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласы жуырда құны 100 млн теңге тұратын Rolls Royse көлігін сатып алды. Небәрі 23 жасында кәсіпкер атанған Қыран Талапбек Қуаныш Шонбайдың YouTube платформасындағы "Төртеу түгел болса" бағдарламасында жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бизнестегі алғашқы жетістіктері туралы сөз еткен Қыран Талапбек жасөспірім кезін еске алды. Айтуынша, базардан планшет алып, оны нарықтағы бағадан арзанға сату платформаларында сатумен айналысқан. Осының арқасында оқушы бола тұра, қомақты қаражат таптым, дейді Талапбек.

"15 жасымда базардан планшет алатынмын. Суретке түсіріп, Olx-те сататынмын. Содан, тоғызыншы сыныпта айына 2,5 мың доллар тауып, мажор атандым. Оған дейін мектепке дейін автобуспен барып, автобуспен келетінмін. Не алғым келеді соны алатын болдым", - деді ол.

Талапты жігіттің ата-анасы да кәсібін базарда сауда сатумен бастаған. Бастапқыда сатушының көмекшісі болып жұмыс істеген әкесі қазіргі таңда ірі сақтау қоймалары бар кәсіпкерге айналыпты."

Әке шешем құрылыс материалдарын сатумен айналысатын. Базарда сатушының көмекшісі болып бастаған еді. Бес жүз теңге алатын. Сосын кішкентай контейнер алып, сонда сататын болды. Кейін барып, үлкен склад алып, оптовик болды. Кейін тіптен истрюьбитер болды" - дейді Қыран Талапбек.

Еске салсақ, Қыран Талапбек танымал қазақ әншісі Жанар Айжанованың қызына үйленген еді. Алайда олардың некесі сәтсіз болып, биыл жас жұбайлар екіге айырылып кетті. Жуырда оның бұрынғы жары ана атанған. Қыран Талапбек ел арасындағы қаңқу сөздерге жауап беріп, баласынан бас тартты деп айыптағандарды сынап тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924360-9-synypta-mazor-atandym-qyran-talapbek-oqusy-kezinde-myn-dollarlap-aqsa-tapqany-turaly/

pixel