Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Тәуекел Мүсілімнің арулармен түскен суреті тарап кетті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің бейтаныс арулармен түскен суреті желіні шулатты. Оқырмандар отбасылы әртістің өзге қыздармен бірге жүргеніне шүйлігіп, тарап кеткен фотоны қызу талқылауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілімнің белгісіз бойжеткендермен түскен суреті Instagram желісіндегі pro.bloggerov парақшасында жарияланды. Фотода актердің мейрамханада досымен және екі арумен отырғанын көруге болады.

"Бірнеше оқырманым мына фотоларды жіберіпті. Айтуынша, бұл суреттер кеше ғана жасалған. Тәуекел қыздардың ортасында отыр. Бұл әпкелері деп үміттенемін", - деп жазған жазба авторы.
Тәуекел Мүсілім досы мен бейтаныс қыздармен
Фото: Instagram/pro.bloggerov

Желі қолданушылары бірден актердің әрекетін қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін білдіруде. Олар отбасылы жұлдызды сынап тастады.

"Әпкелері екеніне ұқсамайды", "Суретке түсуге келген шығар", "Бұл уақытта әйелі ас үйде термомиксті қолданып көруде", "Масқара, сене алар емеспін", "Ашық түрде суретке түсіп отыр. Бұл түсірілім емес па екен?", "Мныау қызық болды", "Мына фотолар әйеліне кеткен шығар", "Жаңа сурет екені анық. Кеше Тәуекел өзі парақшасында тура осы киімдегі суретпен бөліскен", "Сөзім жоқ. Сенгім келмейді", "Тәуекел қыздың қолынан ұстап отыр ма шынымен?", "Қыздардың басы бос өздері біледі. Бірақ, отбасылы адамдар не істеп жүр ол жерде?", "Әйелі үйде бала қарап отырса, оның тірлігі мынадай", "Ер адамдардың барлығы бірдей", - деп жазуда көпшілік.
Тәуекел Мүсілім бейтаныс қыздармен
Фото: Instagram/pro.bloggerov

Алайда, желіні шулатқан суреттердің қайда және қашан жасалғаны белгісіз. Тәуекел Мүсілім бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Тәуекел Мүсілімнің Stories-і
Фото: Instagram/mussilim

Айта кетейік, оның жары - Махаббат Мүсілім. Ерлі-зайыптылардың Айтөре есімді ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924622-zelide-tauekel-musilimnin-arularmen-tusken-sureti-tarap-ketti/

pixel