Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жан-жаққа кеттік": Мадина Сәдуақасова Бахтияр Артаевпен неге араласпай кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова кезінде жақсы араласқан досы Бахтияр Артаевпен неге байланысы үзілгені туралы бар шындықты айтты. Спортшы мен өнер иесінің достығына не кедергі болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде барынша ашылып, оқырмандары жолдаған бірқатар сауалға жауап берді. Оқырмандардың бірі әншіден оның бұрынғы досы Бахтияр Артаевпен араласпай кетуінің себебін сұрады. Өнер иесі жасырмай бар шындықты ақтарды.

"Иә, Бахтиярмен өте жақсы дос болдық, сыйластық. Мен Салтанат екеуінің тойларында болып, үлкен ұлдарының атын Әлинұр деп қойғанмын. Ол 2014 жылы Олжас екеуміздің тойымызға құттықтап келді. Ол кезде жастар, әншілер, спортшылар, актерлер, суретшілер, музыканттар бір-бірімен, бір буын жастар болып күшті араласатын. Ал кейін барлығымыз жан-жаққа кеттік. Бірақ, бәрімен жақсы сыйласамызғ қолдаймыз. Мерекелерде құттықтап тұрамыз. Ал Бахтияр Артаев еліміздің мақтанышы ғой", - деп ағынан жарылды эстрада жұлдызы.
Мадина Сәдуақасованың Stories-i
Скриншот: Instagram/sadvakasovamadina

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924693-zan-zaqqa-kettik-madina-saduaqasova-baxtiyar-artaevpen-nege-aralaspai-ketkenin-aitty/