RU

"Махаббатыңыз үшін рахмет": Сабина Алтынбекова жолдасына ерекше жазба арнады

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Фото: Instagram/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова желіде жолдасын туған күнімен құттықтап, оған өз ақ тілегін жолдады. Спортшы ару күйеуіне деген сезімін аса әсерлі жазба арқылы жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында жолдасын жаңа жасымен құттықтап, оған аса әсерлі жазба арнады. Спортшы отағасына деген шексіз махаббатын білдіріп, оның бойындағы қандай қасиеттерді құрметтейтінін айтты.

"Әлемдегі ең үздік күйеуді туған күнімен құттықтаймын. Саяттың бойында нағыз ер азаматтарға сай қасиеттер өте көп. Ол керемет перзент, үлгі тұтарлық аға, адал жар және сенімді дос. Қамқорлығыңыз, махаббаттыңыз, жауапкершілігіңіз, сыйластығыңыз үшін рахмет. Сіздің барыңызға шүкір. Сізді әрдайым аман-есен әрі бақытты күйде көргім келеді. Алда бізді жақсылыққа толы өмір күтіп тұр. Жолыңыз әрдайым ашық, ниетіңіз түзі болсын. Ал мен әрдайым қасыңызда боламын. Өз махаббатым мен қолдауымды барынша беруге тырысамын", - деп жазды Алтынбекова.

Желі қолданушылары волейболшы арудың құттықтауына қосылып, туған күн иесіне өз тілектерін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924701-maxabbatynyz-usin-raxmet-sabina-altynbekova-zoldasyna-erekse-zazba-arnady/