Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова ерекше отбасылық суретпен бөлісті

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова күйеуі мен ұлымен
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова желіде ерекше отбасылық суретімен бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды. Өнер иесі жанұясымен табиғат аясында керемет демалыс өткізіп қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова да өнердегі әріптестерінен қалыспай, Көлсай мен Қайыңдыға барып қайтуды жөн көрген. Эстрада жұлдызы табиғаты ерекше мекенге отбасымен аттанып, демалысынан үлкен әсер алған.

Әнші мұндай сұлулықты желіден емес, өз көзімен қатты көргісі келгенін айтты.

Сондай-ақ, өнер иесі демалысы кезіндегі суретімен бөлісіп үлгерген. Ол Instagram парақшасында жолдасы мен ұлымен түскен фотосын жариялап қойған.

"Биылғы жазда осы локацияда суретке түскен қаншама отбасылар, жастар, балалар барлығының армандары орындалып, мақсаттарына жетсін. Бұл жердің табиғатының сұлулығын суреттер жеткізе алмайды-ау. Көзбен көру керек", - деп жазып қойған Оразымбетова.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның ерекше суретіне тәнті болып, оларға деген өз жылы лебіздерін жаудырды. Қалың көпшілік әртістің күйеуінің фотоларын жүктей бастағанына қуанып, одан көбірек отбасылық сәттермен бөлісуін сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925012-gulnur-orazymbetova-erekse-otbasylyq-suretpen-bolisti/

pixel